Волонтерлер 1713 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

241

Олар эвакуация пункттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жағада бөгеттерді күшейтіп, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде де белсенді жұмыс істеп жатыр.  

Волонтерлер 1713 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады Фото: primeminister.kz

Волонтерлер Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Абай облыстарында жұмысын жалғастырып жатыр.

Тасқын салдарымен күресіп, зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсету мақсатында "Күшіміз бірлікте" акциясы жалғасуда. Акцияны жастар ресурстық орталықтары, волонтерлер, саяси партиялар және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері бірауыздан қолдады.

Атап айтсақ, жастар ресурстық орталықтарының қолдауымен гуманитарлық көмекті қабылдап алу үшін 20 волонтерлық фронт-кеңсе құрылды.

Бүгінгі таңда зардап шеккендерге волонтерлер көмегімен 1713 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Өңірлерге 1320,4 тоннасы жеткізілді. Волонтерлер тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіріп, эвакуациялауға атсалысып, гуманитарлық көмекті жинауға және сұрыптауға, ақпарат таратуға көмектесіп, автоволонтерлер де бірлесе маңызды жұмыс атқарып жатыр. Бүгінде тасқынға қарсы күреске барлығы 29 мыңнан астам волонтер жұмылдырылған.

Түркістан, Алматы облыстарына қарасты жастар ресурстық орталықтарының өкілдері Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында жүр. Қазіргі уақытта "Biz Birgemiz" Қорының қолдауымен Атырау облысында волонтерлемен бірге "Қазақстан студенттер Альянсы", "Жастар Рухы" ЖҚ, Қостанай облысында "Қазақстан жастар конгресі", Ақмола облыстарында "Ауыл" партиясының "Ауыл жастары" жастар қанаты жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу