Су тасқынына байланыста екі облыста көлік қозғалысы шектелді

594

Шектеу көліктің барлық түрлеріне енгізіліп отыр.  

Су тасқынына байланыста екі облыста көлік қозғалысы шектелді Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлерде болып жатқан су тасқынына байланысты екі облыстағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Қарағанды облысы:

2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Ұлытау облысы:

2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу