Су тасқынына байланысты грант алуға өтінімдер қабылдау мерзімі шегерілді

269

Биыл жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9000 грант беру жоспарланып отыр. 

Су тасқынына байланысты грант алуға өтінімдер қабылдау мерзімі шегерілді Фото: freepik

Еліміздегі су тасқынына орай туындаған күрделі ахуалға байланысты үміткерлерден жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың бірінші легінің мерзімдері кейінге шегерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қосымша хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы республика бойынша 9000 грант беру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу