Су тасқынына байланысты Қазақстан машина жасаушыларының форумы да өтпейтін болды

372

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Су тасқынына байланысты Қазақстан машина жасаушыларының форумы да өтпейтін болды Фото: primeminister.kz

"ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты өткізілмейтіні және 2025 жылға ауыстырылатыны жайлы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды", - деп хабарлады ведомствода. 

Сонымен қатар, министрлік іс-шараға қызығушылық танытқандарға алғыс білдіріп, оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу