Су тасқынына қарсы арнайы комиссия құрылды

949

Елімізде 609 елдімекеннің су астында қалу қауіпі жоғары. Өйткені бірқатар өңір әкімдері әлі күнге дейін әзірлік жұмыстарын жүргізбеген. Тіпті қаражат та қарастырмаған. 

Су тасқынына қарсы арнайы комиссия құрылды

Биыл қардың өзге жылдармен салыстырғанда көп екенін ескерсек, су басу қаупі жоғары. Тіпті қар аз түскен жерлерде де тасқын болуы мүмкін. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мағзұм Мырзағалиев "күн күрт жылынса су қоймаларындағы суларды көптеп ағызуға мәжбүр боламыз" деді. Сондықтан апатты жағдайлардың алдын алу үшін арнайы комиссия құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу