Су тасқынына қарсы қандай шаралар жүргізілуде?

617

Өңірлерде су тасқынының алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kсайты

Су тасқынына қарсы қандай шаралар жүргізілуде? Фото: Казавтожол

Күн райының күрт жылуына байланысты бірнеше облыстарда қар мен мұз жылдам еріп жатыр. Сол себепті, жолшылар "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 34 шақырымындағы айналма жолдың маңындағы еріген судың ағып кетуін қамтамасыз етті.

Су өткізетін құбырларды тазалау жұмыстары түнде басталған. Учаскеге шұғыл түрде қажетті техника жеткізілді. Қазіргі сәтте су тасқынының қаупі жоқ.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардағы су өткізу құбырларын тазалау штатты режимде жүзеге асырылуда. 

Бүгінде тасқын қаупі жоқ болғанымен, жол-пайдалану учаскелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу