Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбе облысында әуеден бақылау жүргізілді

85

Өңірдегі су қоймаларының деңгейі бақылауға алынды.

Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбе облысында әуеден бақылау жүргізілді Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су қоймаларын кешенді тексеру ұйымдастырылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры, ТЖД басшылығы және "Қазсушар" РМК өкілдері Ақтөбе, Қарғалы және Мағаджан су қоймаларының су жинау аймақтарын жергілікті бақылау мен әуе мониторингін жүргізді.

"Сондай-ақ тексеру тобы Ырғыз ауданы аумағын да әуе шолуымен қарап шықты. Арнайы назар гидротехникалық нысандардың жағдайына, қар қаптамасының деңгейіне, сондай-ақ өзендердің салаларының жағдайына аударылды", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу