Су тасқынына қатысты жағдай күрт нашарлауы мүмкін - Қазгидромет

1136

Қазгидромет Қазақстандағы су тасқыны жағдайы ушығуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су тасқынына қатысты жағдай күрт нашарлауы мүмкін - Қазгидромет Фото: akorda.kz

Синоптиктердің хабарлауынша, "Росгидромет" РМК болжамына сәйкес, Жайық өзені ағынының қалыптасу жоғарғы аймағындағы бақылау деректеріне сүйене отырып, көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылға арналған көпжылдық орташа мәндер мен көрсеткіштерден 2-2,5 есе асып түседі.

Қазақстан аумағында Жайық өзені Жайық-Көшім өлшеу стансасында (Батыс Қазақстан облысы) 7 сәуір мен 12 сәуір аралығында ашылады деп болжанып отыр. 

"Жайық-Көшім учаскесінде көктемгі су тасқынының көлемі 11,0-ден 15,0 текше километрге дейін болады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсіп, рекордтық көрсеткіштерге жетеді", - деді "Қазгидромет" РМК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу