Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

203

Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды. 

Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстанда ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет аталған жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша атқарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды.

Биылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.

Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді.

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.

Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу