Су тасқынынан кейін 8,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алды

302

Үкімет бұл жұмыстарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Су тасқынынан кейін 8,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алды Фото: qmonitor.kz

Қазақстанда жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеу процесі жалғасып жатыр.

"Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және еліміздің басқа да облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 16 862 өтініш келіп түскен.

Ағымдағы жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша 8 814 отбасы жалпы сомасы шамамен 3,2 млрд теңге болатын 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлем алды. 2 мыңнан астам отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 1 млрд теңгеге жуық өтемақы алды. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 89 млн теңгеге жетті", -  деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда зардап шеккен өңірлерде 3 210 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1 969-ына бағалау жүргізілді.

311 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 447 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

35 отбасыға ескі үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді.

Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және олар Үкіметтің қатаң бақылауында. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу