Су тасқынынан кейін республикалық маңызы бар жолда қозғалыс қалпына келтірілді

198

Ақтоғай, Шарбақты, Тереңкөл аудандарындағы елді мекендердегі су тасқынына қарсы 3 учаскесі  бақылауда. 

Су тасқынынан кейін республикалық маңызы бар жолда қозғалыс қалпына келтірілді Фото: ТЖМ

Жолдағы судың жүріп кету жағдайының тоқтауы және су тасқынына қарсы жұмыстардың аяқталуына байланысты "Атамекен - Ертіс - Русская Поляна" автожолында көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтоғай, Шарбақты, Тереңкөл аудандарындағы елді мекендердегі су тасқынына қарсы 3 учаскесі  бақылауда. Онда су тасқынына қарсы жұмыстар аяқталу сатысында.

Ақтоғай ауданындағы 2 тұрғын үй су астында қалып отыр.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 59 адам, 28 бірлік техника, 12 мотопомпалар жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары болып табылады.

Өткен тәулікте 90 мың текше метрден астам еріген су сорылып, 744 тонна инертті материал төгілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу