Су тасқынынан келген шығындарды өтеу бойынша кәсіпкерлердің 82,1 пайызы өтінімі мақұлданды

189

Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. 

Су тасқынынан келген шығындарды өтеу бойынша кәсіпкерлердің 82,1 пайызы өтінімі мақұлданды Фото: Qazdauiri.kz

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОКС) келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары (2024 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің №18 бұйрығы) шеңберінде жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) ШОКС өтінімдерін қабылдау және қарастыру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ЖАО ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша ШОКС тарапынан 9,3 млрд теңге сомасына 455 өтінім келіп түскен, оның ішінде 374 өтінім (82,1%) 5,8 млрд теңгеден астам сомаға мақұлданды.

Соның ішінде 222 өтінім бойынша кәсіпкерлерге 2,2 млрд теңге көлемінде төлемдер жасалды.

Ең көп мақұлданған: Атырау облысында 2,1 млрд теңгеге 215 өтінім, Батыс Қазақстан облысында 2,5 млрд теңгеге 40 өтінім, Солтүстік Қазақстан облысында 901,8 млн теңгеге 44 өтінім, Қостанай облысында 206 млн теңгеге 35 өтінім. Ал ең аз Ақтөбеде облысында яғни 366 млн теңгеге 24 өтінім және Ақмола облысында 61,1 млн теңгеге 16 субъектінің өтінімі мақұлданған.

Қызмет түрлері бойынша негізінен сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, демалыс базалары мен қонақ үйлер және басқа секторларға зақым келген. Атап айтқанда, мақұлданған өтінімдердің 70%-дан астамы дүкендер, сауда үйлері мен базарлар, шамамен 4%-ға жуығы  қоғамдық тамақтану нысандары, 4%-ы өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын өндіру нысандары, 3%-ға жуығы қонақ үйлер, демалыс базалары және өзге де бизнес объектілері.

Өтемақы туралы өтінімді өңірлік комиссиялар 5 жұмыс күні ішінде қарайды және қаржыландыру жеткілікті болған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде төлемдер жүзеге асырылады.

Қалған өтінімдер бойынша кәсіпкерлерге төлемдерді ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Күрделі жөндеуді әрі реконструкциялауды қажет ететін объектілер бойынша қаражат сараптама және жобалық-сметалық құжаттаманы қабылдау қорытындылары бойынша аударылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу