Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне шығындарын өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі күні 549,2 млн теңгеге 44 кәсіпкерлік субъектіге өңірлік комиссиясымен шығындарды өтеу мақұлданды.
Соның ішінде, қазіргі уақытта 31 кәсіпкерлік субъектісіне 404,6 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді. Қалған 13 кәсіпкерге төлемдер жақын арада жүргізілетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу