Су тасқынынан зардап шеккен 504 отбасы біржолғы төлем алды

212

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады. 

Су тасқынынан зардап шеккен 504 отбасы біржолғы төлем алды Фото: smi24.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін барлық шаралар қабылдануда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның ішінде, біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізу белсенді түрде жалғасуда. Азаматтарға төлем алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіну қажет. Ақтөбе және Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем мөлшері 300 мың теңгені құрайды. Қалған аудандардың тұрғындары үшін - 100 АЕК (369 200 теңге).

Бүгінгі күнге барлығы 1026 өтінім қабылданып, жалпы сомасы 162,7 миллион теңгеден асатын 504 отбасыға төлем жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу