Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер біржолғы төлем алады

772

Азаматтар төлемді алу үшін тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет.  

Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер біржолғы төлем алады Фото: inbusiness.kz

Тасқын судан зардап шеккен ақтөбеліктер біржолғы төлем алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (1 АЕК = 3 692 теңге) мөлшерінде.

Сондай-ақ тұрғындар Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу