Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар несиесін кейін төлейді

420

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың несие бойынша борышын өтеу мерзімін 3 айға дейін кейінге қалдыруға әзір.    

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар несиесін кейін төлейді Фото: Inbusiness.kz

Қарызы бар тізімін тұрғындардың тізімін жергілікті әкімдіктер шығарады. Бұл тізімдерге кірген азаматтарға төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады. 

Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін түсіндіреді. Сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.

Бүгін су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтің, әкімдіктердің және "Қазақстан халқына" қорының қаржысын пайдалануды тапсырды.

Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй құрылысына жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу