Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жем-шөп жеткізіле бастады

173

Арқалық қаласының маңындағы ауылдар қазір жем-шөптен тарығып отыр. 

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жем-шөп жеткізіле бастады Фото: mazhilis_kz

Жайылым суға кетіп, ал малды қолда ұстауға азық тапшы. Арқалыққа көрші аудандар көмектесіп жатыр. Бір аптаның ішінде 75 тонна шөп жеткізіп берді. Қазір ол халыққа үлестіріліп жатыр.

Родина кентінің тұрғыны Әлима Қожақардың 12 сиыры бар. Қолда бар жем-шөбін қанша үнемдесе де түбі көрініп қалды. Берген шөбін ашыққан мал таласа жейді.

Арқалыққа іргелас аудандардың барлығы жем-шөппен бөлісіп, көмектесіп жатыр. Осы күнге дейін келіп түскен жем-шөп мал ауызы көкке ілінгенше жетеді дейді жергілікті мамандар.

Сәуір айындағы санақ бойынша, Арқалық қаласына қарасты шаруашылықтарда, жекенің иелігінде 18 мыңға жуық сиыр, он мыңнан астам жылқы бар. Табиғи апат салдарынан ірілі-ұсақты мыңға жуық мал шығыны болды. Қырылған төрт түлік есебі әлі жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу