Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныстануда

365

Солтүстік Қазақстан облысындағы қызылжарлықтар жаңа баспаналарға көшті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныстануда Фото: pixabay

Петропавл қаласындағы "Бірлік" шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгін 49 отбасы жаңа үйлердің иесі атанды.

Осылай су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 200 жаңа тұрғын үй салынып, кілттері табыс етілді. Жоспарланған 700 үйдің 500-інде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, бұл үйлер қыркүйек айына дейін аяқталады.

Айта кететін жәйт, су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйлердің құрылысына 1,5 мың құрылысшы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, зардап шеккен өңір тұрғындарына екінші нарықтан 621 баспана сатып алынды.

Бескөл ауылының тұрғыны Айман Ғайнуллинаның үйі су тасқынынан кейін апатты деп танылды. Қазір комиссияның барлық кезеңдері артта қалды, ауыл тұрғыны отбасымен бірге жаңа үйде алғашқы қонақтарды қарсы алуға дайындалуда.

"Біздің жаңа қонысымыз өзімізге қатты ұнайды. Бұл жерде адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, жаңа үйде өзіміздің жеке бау бақшамыздың болатындығы қатты қуантады", – деді Подгора ықшамауданындағы тұрғын Юлия Малявко.

Бірлік ауданының тұрғыны Аубәкіровтер отбасы су тасқынынан кейінгі мәселелердің тез, оңтайлы шешілгендігі үшін алғыстарын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу