Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үкіметтен қаржы бөлінбеген

927

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үкіметтен қаржы бөлінбеген

Атбасарда биыл көктемде болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға салынып жатқан тұрғын үйлерге әлі күнге дейін үкіметтен қаржы бөлінбеген. Құрылыс шілде айында басталғанымен, барлық шығындарды әзірге құрылыс компанияларының өздері көтеріп келеді. Содан болар, құрылыс баяу. Арагідік материалдар жетпей қалып, жұмыстар тоқтап қалады екен. Мұның бәрін көріп біліп отырған халық алаңдаулы, деп хабарлайды khabar.kz.

"Бұл үйлерді салуға республикалық және жергілікті бюджеттен әлі ешқандай қаржы түскен жоқ. Біздің компания қазір тұрғын үйлерді өз қаражатына салып жатыр. Осы уақытқа дейін 700 млн теңгеден астам қаражат жұмсадық. Біз қолға алмасақ, бұл үйлердің біреуі де салынбас еді", - дейді Бас мердігер компанияның өкілі Николай Панов.

"Қаржының кешігу себебі бұл жобаны жасау үшін және де сараптама қорытындысын алу үшін біраз уақыт кетті. Қаражат жайы қараша айында шешіледі. Және де сол жаққа қаражатын құйған мекемелердің қаржысы биыл қайтарылады. Қаржы 1 млрд 900 млн теңге көлемінде болады. Осылайша жергілікті Үкіметтен қаржы бөлініп, үйлердің құрылысы тоқтамайды деп сендірді. Ал баспанасынан айырылған отбасылардың әрқайсысына осыған дейін облыстық бюджеттен 300 мың теңге көлемінде көмек берілген", - деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Манапхан Қансейітов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу