Су тасқынынан зардап шеккендердің несиесі 3 ай мерзімге шегеріледі

294

Су тасқынынан зардап шеккендердің кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде 3 айға кейінге қалдырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су тасқынынан зардап шеккендердің несиесі 3 ай мерзімге шегеріледі Фото: canva.com

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсету туралы айтып берді.

"Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде 2024 жылғы 1 сәуір – 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырылады. Зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқыны салдарының ықпалына байланысты туындаған, төлемдердің кешіктірілгені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Зардап шеккен барлық дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ су тасқыны шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан шағын және орта бизнес субъектілеріне олардың берген өтініштері ескеріле отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болады, - деді ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Агенттіктің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Қайрат Тұрымтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу