Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек еліміздің әр өңірінен белсенді көрсетіліп жатыр

143

Бүгін елорданың Достық үйінен 5 млн теңгеге жиналған көмек Ақмола мен Қарағанды облыстарына жөнелтілді. 

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек еліміздің әр өңірінен белсенді көрсетіліп жатыр Фото: aikyn.kz

Игі істің басы-қасында Қазақстан халқы ассамблеясы жүр. Қала тұрғындары мен еріктілер де қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Гуманитарлық көмек "Жүректен жүрекке" арнайы жобасы аясында жүзеге асып жатыр.

Сондай-ақ, Ассамблеяның республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтті. Отырысқа Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, "Ассамблея жастары" ұйымының өкілдері қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу