Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды

709

Қостанай облысында барлығы 18 миллион теңгеден астам қаржы төленді.  

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Өңірде су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысындағы 3 ауданның аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады. Олар: Амангелді және Жангелді аудандары мен Арқалық қаласы.

Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырмалар берді.

"Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс” - деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

29 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлемдер төлене басталды.

Отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден 183 адам төлем алды.

Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді.

Барлығы 18 млн. теңгеден астам төленді.

Бұл төлемдер тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік, киім-кешек сатып алу және т.б.сияқты негізгі қажеттіліктерді жүзеге асыруға арналған.

Бірінші кезектегі төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен малды қалпына келтіруге қаражат қарастырылған.

Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпованың айтуынша, тиісті көмек алу үшін залалды бағалау жөніндегі комиссияға жүгіну қажет.  

"Өтінішті толтыру, отбасы құрамын көрсету және жеке куәлікті, сондай-ақ қаражатты есептеу үшін банктегі картаның есепшотын ұсыну қажет", - дейді.

Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалғандарға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде демеушілік көмек те тартылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу