Су тасқынындағы 10 млрд теңгеден астам шығын өтелген

Астана қаласында өткен "Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес" форумында Үкімет басшысы Олжас Бектенов кәсіпкерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Су тасқынындағы 10 млрд теңгеден астам шығын өтелген Фото: gov.kz

Премьер-министр су тасқыны кезінде ел тұрғындары мен кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсеткеніне баса назар аударды. Соның арқасында шынын көлемі де аз болғаны анық. 

– Ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің арқасында табиғи апатты аман-есен еңсере алдық. Шағын және орта бизнес субъектілері де бұл апаттан қатты зардап шекті. Оларға келтірілген шығындарды өтеу жұмыстары осы жылдың сәуір айынан бастап жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 10 млрд теңгеден астам шығын өтелді, - деді Үкімет басшысы. 

Халыққа көмек қолын созуда қалталы азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлер қарап қалмады. Кез келген экономиканың негізгі тірегі – кәсіпкерлік екенін еске салған Олжас Бектенов өзара серіктестікті орната түсетінін жеткізді. 

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бизнес жүргізуге қажет жағдайды жақсарту бойынша біздің алдымызға бірнеше нақты міндет қойды. Осы орайда, Үкімет кәсіпкерлермен бірге елдегі іскерлік белсенділікті арттыру, бизнес бастамаларға қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді. Кез келген экономиканың негізгі тірегі кәсіпкерлік екені баршамызға мәлім. Сондықтан, отандық кәсіпкерлермен сенімді және өзара тиімді серіктестік орнату – Үкімет үшін сөзсіз басымдық, - деді ол форумда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу