Су тасқынының алдын алу күшейтілді

671

Су тасқынының алдын алу күшейтілді

Қарағанды облысында да Нұра өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты адамдарды көшіру басталды.

Төтенше жағдай қызметі Сарытөбе ауылынан осы уақытқа дейін 15 үйді мал-жанымен бірге қауіпсіз аймаққа ауыстырып үлгерген. Егер жағдай әлі де ушыға түсетін болса, өзге тұрғындарды теміржол арқылы эвакуациялау жоспарланып отыр.

Тасқынның алдын алу шарасы Ақмола облысында да қатаңдатылды. Әсіресе, мамандар Оразақ ауылын жіті бақылап отыр. Себебі, мұз ерісе су деңгейі бірден көтеріліп кетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу