Су тасқынының алдын алу: вице-министр елорда маңындағы аумақтарды әуеден тексерді

968

Су тасқынымен күреске қосымша қаражат керек. 

Су тасқынының алдын алу: вице-министр елорда маңындағы аумақтарды әуеден тексерді

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Нұр-Сұлтан маңындағы су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден бақылау жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Министрдің бірінші орынбасары Мәжіліс депутаттарымен бірге су тасқыны жағдайын аэровизуалды зерттеу және мониторингілеу мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден шолып шықты.  

Ұшу барысында депутаттар 42-разъезд, Қоянды, Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Жібек Жолы және Қосшы елді мекендерінің аумақтарын әуеден бақылады. 
"Бақылау кезінде қардың еру процесі тұрақты жүріп жатқаны байқалды. Су шайған аймақтар жоқ. Тәулік бойы жағдай бақылауда. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір өзендерінде сең жүре бастады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар ТЖД министрі Юрий Ильин мәжіліс депутаттары Александр Милютин мен Жамбыл Ахметбековті елордадағы Астана контрреттегішінің жұмысымен таныстырды

"Астана контрреттегішінің ұзындығы 31 шақырым. Ол 450 млн текше метр дейінгі көлемдегі тасқын суды уақытша ұстай алады. Бүгінде онда Астана су қоймасынан жіберілген 56 млн текше метр су жинақталған", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр өзен арналарын тазарту, қорғаныс бөгеттерін нығайту, апатты жағдайда тұрған гидротехникалық нысандарды жөндеу үшін қосымша қаражат керегін атап өтті.

Депутат Александр Милютин Мәжілісте су тасқынына қарсы іс-шараларға бюджеттен қосымша қаржы бөлу мәселесін көтеретінін айтты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу