Су тасқынының алдын алуға 7 млрд теңге қаржы бөлінді

737

Қажетті қаржы жергілікті бюджет есебінен алынды. 

Су тасқынының алдын алуға 7 млрд теңге қаржы бөлінді Фото: canva.com

Биыл 22 қаңтардан бастап Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайдың алдын алу және ескертуге жергілікті атқарушы органдармен барлығы 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", — деді ТЖМ өкілі Алтай Мырзабаев. 

Биыл 22 қаңтардан бастап Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізілуде. Оның аясында Республикалық жолдар желісінде су тасқыны кезеңінде қауіптілік деңгейі жоғары 396 учаске, сондай-ақ 68 көпір мен 650 су өткізу құбыры айқындалды. Жол-пайдалану техникасының шамамен 808 бірлігі бекітілді. 

"Қауіптілік деңгейі жоғары учаскелердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан облысында – 112 учаске, Ақмола облысында – 61 учаске және Қарағанды облысында – 43 учаске байқалады", – деді ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жол инфрақұрылымының ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу