Су тасқынының келесі толқынына дайындық: Олжас Бектенов Оралға барды

360

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Су тасқынының келесі толқынына дайындық: Олжас Бектенов Оралға барды Фото: Үкімет

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет басшысы өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Сонымен қатар Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу