Су тасқынының шығыны бағаланды

890

Су тасқынының шығыны бағаланды

Қарағанды облысында су тасқынының шығыны 160 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды 24.kz

Қарағанды облысында су тасқынынан келген шығын көлемі 160 миллион теңгеге бағаланды. Бұл қаржының 148 миллионы облыстық қазынадан бөлінсе, қалғаны аудандық бюджеттен беріледі. Еске сала кетейік, көктемнің алғашқы айында өңірдегі 5 бірдей ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Тасқын салдарынан 22 елді мекендегі 140 үйді су шайып кеткен. Табиғи апаттан әсіресе Бұқар жырау ауданы көп зардап шекті. Сондай-ақ автокөлік жолдарының 8 шақырымын және теміржолды үш жерден су бұзып кеткен.

Үйсіз-күйсіз жүргендерге Қызыл Жарты Ай қоғамы да гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. Қазіргі күні олардың есепшотына барлығы 19 миллион теңге жиналса, соның 6 миллионы қайырымдылық шараларына жұмсалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу