Су тасыған облыстарда 41 мыңнан астам адам өз үйіне оралды

254

6,4 мың адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. 

Су тасыған облыстарда 41 мыңнан астам адам өз үйіне оралды Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спикердің сөзінше, Атырау облысы бақылауда.

"Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында  су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды", - деді спикер.

Республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

"Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан  Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда", - деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу