Су тұтыну есебі цифрландырылады

383

Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыруға бағытталған бірыңғай Smart Turmys платформасы құрылып жатыр.

Су тұтыну есебі цифрландырылады Фото: ЖИ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Smart Turmys платформасының негізгі мақсаты – салаға қатысушылар арасындағы ақпараттық алшақтықты жою. Сондай-ақ табиғи монополия субъектілері мен бірыңғай есеп айырысу орталықтарының өзара іс-қимылын автоматтандыру көзделген.

Бақытжан Жүнісбековтің сөзінше, бұл бағыттағы негізгі міндеттердің бірі – цифрландыру және Су кодексінің талаптарына сәйкес көрсеткіштерді қашықтан беретін есептеу құралдарын жаппай енгізу.

"Цифрлық технологияларды қолдану желілер мен жабдықтардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, судың ағып кетуін жедел анықтауға, апаттардың алдын алуға, су тұтыну көлемін талдауға және коммуналдық инфрақұрылымды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді ол.

Алғашқы кезеңде есептеу құралдарын орнату және автоматтандыру жұмыстарына 25 қаладағы табиғи монополияның 32 субъектісі енгізілген. Қазір жалпы сомасы 54 млрд теңгені құрайтын 32 өтінім берілген. Сонымен қатар бұл жұмыстарды тағы 62 су арнасы бойынша жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу