Су тұтыну көлеміне байланысты жаңа тариф енгізілді

497

Тиісті бұйрық 11 ақпанда күшіне енген. 

Су тұтыну көлеміне байланысты жаңа тариф енгізілді Фото: Inbusiness.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суды үнемді тұтыну бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Суды үнемдеу мәдениетін арттыру үшін Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бір адамға шаққандағы тұтыну көлемінің белгіленген нормасы шегінде ауыз су қызметтеріне тұтыну көлемі бойынша саралау тетігі енгізіледі. Бұйрық 11 ақпанда күшіне енді", - деді министр.

Оның айтуынша, бекітілген бұйрықта бір адамға тұтыну лимиті 4 деңгейлі тарифті белгілеу жолымен сараланады. Атап айтқанда, І топ – айына 3 м3 дейін тұтынумен қолданыстағы тариф қолданылады (халықтың 49%-ы тұтынады); ІІ топ – айына 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +20%-ға жоғары (халықтың 20%-ы тұтынады); ІІІ топ – айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен +50%-ға жоғары (халықтың 20%-ы тұтынады). ІV топ – айына 10 м3 астам тұтынумен, тариф қолданыстағы тарифтен 100%-ға немесе 2 есеге жоғары (халықтың 11%-ы тұтынады).

"ҰЭМ деректерінше, бұл тәсілді қолданған кезде еліміз бойынша қосымша табыс шамамен 13 млрд теңгені құрайды. Табиғи монополиялар субъектілері бұл қаражатты желілер мен жабдықтарды реконструкциялау, желілердің тозу деңгейін төмендету және шығындарды азайту үшін нысаналы мақсаты бойынша жіберуге міндетті", - деді Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу