Олар Қазақстанның теңіз жағындағы шекарасын күзетуге арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кемелер оралдық "Зенит" зауытында құрастырылған. "Қайсар" жобасының жап-жаңа катерлері "Махамбет батыр" және "Исатай батыр" деп аталатын болды.
Кемелердің ұзындығы 14 метр. Ені 3,5 метр. Салмағы 15 тонна.
"Қайсар жобасының шекаралық кемелері теңіздегі, өзендегі мемлекеттік шекараларды қорғауға, су биологиялық ресурстарын сақтауға, балық аулау аумағы және жалпы су кеңістігіндегі теңіз экономикасын бақылауға, қызмет бабында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған", – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Суға жіберілгеннен кейін жаңа кемелер Каспий теңізінің Шаған өзенінен жүзіп өтеді.
Ол жерде кеме швартты, жүрісті және қабылдау сынағынан өтіп, артынша тапсырыс берушіге беріледі.