Су жүйелерін қайта жаңарту үшін ауыз су бағасы өседі

949

Су жүйелерін қайта жаңарту үшін ауыз су бағасы өседі

Қазақстанда ауыз су тарифінің тағы да өсуі мүмкін. Сарапшылар бағаның бірден 32-40 пайызға дейін қымбаттауы ықтимал екенін айтып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Су арнасы" қауымдастығының экономист-сарапшысы Мәншүк Сәрсенбекова "Казправда" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады turkystan.kz.

Оның айтуынша, бағаның өсуі 2015 жылдың сәуір айында бекітілген тарифтер саясатымен байланысты екен.

"Тарифтер құрылымында инвестициялық салымдар пайда болды, бұл өз кезегінде құбырларды жаңартуға, сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға инвестициялар әкелуі тиіс. Бірақ бұл тарифтік саясатқа көшу үшін су арналарының өз қаражаттары жетпейді, сондықтан бағаны өсіруге мәжбүр", — дейді Сәрсенбекова.

Қазақстанның 8 қаласындағы су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстарына инвестиция құюды бірінші болып Еуропаның қайта құру және даму банкі қолдаған.

"Келесі жылы тағы бірнеше келісімшартқа қол қойылады деп күтілуде. Бұл бағытта қазір жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы инвестиция көлемі 124 млрд теңге. Еуропаның қайта құру және даму банкі 2015-2020 жылдар аралығында 18,4 млрд теңге инвестиция құяды", — дейді Сәрсенбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу