Суағар кәріздерін қалпына келтіруге 19 миллион теңге бөлінді

1286

Суағар кәріздерін қалпына келтіруге 19 миллион теңге бөлінді

Қарағанды облысының орталығындағы суағар кәріздері біртіндеп қалыпқа келтіріле бастайды. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 19 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі . 
Суағарларды тазартып, жөндеуге кіріспес бұрын оларды тауып алу қажет.
"Жекешелендіру кезеңінде барлығы қолды-қолға таратылды, ал суағарлар қараусыз қалды, - дейді ТКШ, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Шолпан Жүнісова. – Олардың құжаттары жоқ. Ол қағаз мәліметтер мұрағатқа тапсырылуы керек еді. Алайда ешкім оларды тапсырмаған. Қалалық кадастрда белгіленген суағарлардың орналасулары туралы мәліметтер дұрыс емес. Біз сол құжатта белгіленген кейбір жерлдерді аралап қайттық. Алайда ешқандай суағар таппадық. Ол жерлер сатылған, құрылыс жұмыстары өткізілген, сауғарлар жойылған". 
Суағарларды іздеуге және қайта қалыпқа келтіруге қанша уақыт жұмсалатыны әзірге белгісіз. Мамандардың есептеуінше екі жылдан кем емес.

ТКШ бөлімінің қызметкерлері суағарлар белгіленген қалалық кадастрдың ескі картасын және 2013-2014 жылдары құралған карталарды сұратқан. 
"Бұл карталарды теңестіре отырып, біз суағарлардың қай жерлерде орналасқанн анықтай аламыз, - дейді Шолпан Жүнісова. – Сонан соң біз оларды тазартып, барлық құжаттарды рәсімдейміз". 
Алдымен суағар кәріздерінің мүліктерін түгендеу өткізіліп, техникалық құжатын рәсімдеп, "Қарағанды Су" балансына беріледі. Бірінші кезекте Гоголь көшесі, Бейбітшілік гүлзарының, Бұқар Жырау және Н.Әбдіров даңғылдарының суағарлары қалыпқа келтіріледі. Жалпы есептегенде 22 шақырым кәріздер тазартылады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу