Суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2 мың шақырым канал тазартылады

136

"Қазсушар" кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартуға кірісті.  

Суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2 мың шақырым канал тазартылады Фото: gov.kz

Бұл жұмыстар Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам канал тазартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл "Қазсушар" филиалдары диқандармен 12,7 млрд текше метр су жеткізу үшін 27,8 мыңнан астам шарт жасасуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда 11 700 шарт жасалды. Өткен жылы шаруа қожалықтарымен 23 830 шарт жасалғанын еске сала кетейік.

– Былтыр министрлік Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі диқандарды суармалы сумен толық қамтамасыз етті. Биыл да ведомство Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 2025 жылғы суару маусымында Сырдария өзені арқылы елімізге 3,7 млрд текше метр су келеді. Шу және Талас өзендерімен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу