2019 жылдан бастап субконтракция желісінде Қазақстанның өзіндік электронды сауда алаңы іске қосылады, деп хабарлайды abctv.kz.
"NADLoC" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары Дмитрий Усовтың айтуынша, 2019 жылдан бастап субконтракция желісінде Қазақстанның толыққанды өзіндік электронды сауда алаңы пайда болады.
"Қазір бізде сауда алаңының прототипі жұмыс істеп тұр. Бұл мәселе бойынша Еуразиялық комиссиямен байланыс орнатудамыз. Ал 2019 жылы өзіміздің электронды алаңымыз пайда болады. Мұнда өнеркәсіптік өнімдерді өндіретін отандық және ЕАЭО елдер компаниялары қазақстандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келсімшарттар жасай алады", – деді Астанада өткен субконтракт биржасының екінші форумында ұлттық агенттіктің өкілі.
Оның сөзінше, Қазақстан электронды сауда алаңын жасауда Ресейдің тәжірибесіне сүйенген. Алдағы уақытта сауда алаңы ЕАЭО елдеріндегі желілермен байланыс орнатып, шетелден де тапсырыс қабылдайтын болады. Одан кейін Азия-Тынық мұхиты өңірін тұтас қамту жоспарланып отыр.
Фархат Әміренов