"Субконтракт биржасында" 16,3 млрд теңгенің келісімшарты жасалды

1279

Іс-шараға қазақстандық ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, жүйе құрушы кәсіпорындар  қатысты.

"Субконтракт биржасында" 16,3 млрд теңгенің келісімшарты жасалды

Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ "Субконтракт биржасы-2019" ұйымдастырды, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Биржа өткізілген үш жылда  "Субконтракт биржасы" өзін ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өзара іс-қимылының маңызды алаңы ретінде көрсетті. 2017 жылы "Астана ЭКСПО-2017" алаңында ұйымдастырылған Биржада отандық компаниялар арасында 6 кооперациялық келісім жасалды. 2018 жылы отандық өндірушілердің тауарларын ішкі нарықта жылжыту және импорт алмастырушы өндірістерді дамытуға жәрдемдесу мақсаты болып табылатын 6 үш тарапты келісім мен 2 екі тарапты меморандумға қол қойылды.

Биржа-2019 қорытындысы бойынша KAZ Minerals тобы ("ВостокЦветМет" ЖШС,  "ҚАЗ Минералз Ақтоғай" ЖШС және "ҚАЗ Минералз Бозшакөл" ЖШС) кәсіпорындары және отандық тауар өндірушілер "Новопек" ЖШС, "ComTrade Product" ЖШС және "IC textile" ЖШС арасында жалпы сомасы 16,3 млрд теңге келісімшарттарға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу