Субконтрактілер биржасы аясында 1,9 млрд теңгелік келісімшартқа қол қойылды

Шағын және орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен кездесіп, одан әрі ынтымақтастық туралы келісті. 

Субконтрактілер биржасы аясында 1,9 млрд теңгелік келісімшартқа қол қойылды Фото: ҚР ИИДМ

Қазақстандағы мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі "KAZ Minerals" тобы ментау-кен байыту жабдықтарына арналған резеңке-техникалық бұйымдар шығаратын "ПК ДАРС"ЖШС-мен резеңке-металл футеровкаларын жеткізу бойынша 1,9 млрд теңгеден асатын өзара ұзақ мерзімді шартқа қол қойды.

Келісім алтыншы субконтрактілер биржасы алаңында мақұлданды.

Іс-шараға ірі отандық жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өкілдері қатысты.

Биржаның пленарлық отырысын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ашты.

"Коммуникацияларды жолға қою және сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікір алмасуы үшін өткізіліп отырған субконтрактілер биржасы маңызды", – деді спикер.

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов өз сөзінде Субконтрактілер биржасы отандық өнеркәсіптің бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты. Сондай-ақ биржаның кәсіпорындар үшін қажетті ақпарат алу және байланыстарды кеңейту мәселелеріндегі маңызды оқиғаға айналғанын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің алдымызда ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру, шағын және орта бизнесті қолдау және елішілік құндылықты дамыту міндеттері тұр. Кәсіпорындарға жаңа жеткізушілерді табуға көмектесу және ұзақ мерзімді келісімшарттар мен офтейк келісімшарттарын жасау осы міндеттерді шешудің негізгі құралдарының бірі болып табылады", - деді Берік Бекенов.

Дәстүр бойынша биржаны тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланыстар орнату үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы B2B кездесулері қорытындылады.

Сарапшылар атап өткендей, мұндай форматтағы кездесулер жергілікті қамту үлесін арттыруға және тұтастай қазақстандық бизнесті дамытуға жәрдемдеседі. Шағын және орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен кездесіп, одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.

Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде субконтрактілер биржасы өзін әлеуетті тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің өзара іс-қимылының тиімді құралы ретінде көрсетті. Биржа алаңында 12 кооперациялық келісім, ынтымақтастық туралы бес меморандум, жалпы сомасы 19,8 млрд теңгеге төрт келісімшарт және 6,1 млрд теңгеге екі ұзақ мерзімді шарттар жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу