Субконтракт биржасы арқылы импортты алмастыру мәселесін шешуге болады – Тимур Нұрашев

716

Бұл биржа арқылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары бойынша импорт алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік бар.

Субконтракт биржасы арқылы импортты алмастыру мәселесін шешуге болады – Тимур Нұрашев

Субконтракт биржасы импортты алмастыру мәселесін шешуге жол ашады, деп хабарлайды abctv.kz.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашевтің сөзінше, субконтракт биржасы арқылы импортты алмастыру мәселесін шешуге болады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің машина жасау, химия, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп секілді негізгі салаларындағы импортты ығыстыруға мүмкіндік бар.

"Субконтракт биржасы секілді алаңдарды ұйымдастыру серіктестерді іздестіруге, ірі тапсырыс берушілердің алдында отандық өндірушілердің әлеуетін көрсетуге, тиімді өндірістік тізбектер құруға және ең бастысы ұзақ және тұрақты байланыс орнатуға жол ашады. Сондай-ақ, индустриялық дамуды жеделдетуге, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, өнеркәсіп секторының бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Астанада өткен субконтракт биржасының екінші форумына қатысқан Тимур Нұрашев.

Оның айтуынша, былтыр жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық және жүйе құраушы компаниялардың сатып алуында жергілікті қамтудың үлесі жеңіл өнеркәсіпте 21,3%-ды, машина жасауда 9,2%-ды, химия өнеркәсібінде 27,5%-ды, құрылыс саласында 23,5%-ды құраған.

"Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілердің әлеуеті зор. Бұл ретте, өндірісті ұлғайту үшін үшінші елдерден келетін құрамдас жабдықтарды отандық кәсіпорындар шығаратын өнімге алмастыра алатындай мүмкіндік бар. Мұның бәрі субконтрактация құралы арқылы жүзеге асырылмақ", – дейді Тимур Нұрашев.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу