Субсидия алушылардың жауапсыздығы жемқорлыққа жол ашып отыр

913

Аграрлық ғылым мен ауылшаруашылығы саласы үшін кадр даярлау мәселесі өзекті болып тұр.  

Субсидия алушылардың жауапсыздығы жемқорлыққа жол ашып отыр

Бұл туралы Сенатта өткен парламенттік тыңдауда айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізуде және оларды коммерцияландыруда кемшілік бар. Оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту маңызды", – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Оның сөзінше, ауылшаруашылығы саласын субсидиялау тетігі тым күрделі. 

"Субсидия негізінен ірі бизнес субъектілеріне және технологиялық процестерді қолдауға беріледі. Нақты индикативтік көрсеткіштің болмауы мен субсидия алушылардың жауапсыздығы жемқорлыққа жол ашып отыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу