Субсидия берудегі жемқорлыққа қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған

831

Ауылшаруашылық саласында субсидия берудегі жемқорлыққа қатысты 65 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Субсидия берудегі жемқорлыққа қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған

18 күдікті бар. Олардың 14-і уақытша қамауға алынған. Тағы жүздеген адам куәгерлер қатарында.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов, 10-шы азаматтық форумда мәлімдеді.

Соңғы 5 жылда субсидияға мемлекеттік қазынадан 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Алайда саладағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың кесірінен, қаражат діттеген жеріне жетпей, пысықайлардың қалтасында кетті. Соңғы 5 жылда салада 960 іс қозғалып, 450 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Антикор алдағы уақытта басқа да саладағы жемқорлықты ашамыз дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу