Субсидия далаға кеткен: Павлодар облысында ақша жымқыру схемалары анықталды

146

Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Субсидия далаға кеткен: Павлодар облысында ақша жымқыру схемалары анықталды Фото: inbusiness.kz

"Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланады. Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңге болды", - делінген хабарламада.

Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 миллион теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған.

"Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жинау жүзеге асырылып жатыр, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді (қаралып жатыр)".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу