Түстіктегі мақташыларға мақта шикізатына субсидия берілмейтін болды, деп хабарлайды 24.kz.
"Қазақстан фермерлер одағының" Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жүсіп Шәріпұлы аймақтық басылымға берген сұхбатында енді субсидия мақтаны тек қана талшыққа өткізгендерге төленетінін айтқан. Оның пікірінше, бұл заң шаруалардың жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін. Өйткені, фермерлер мақтаны өткізіп болған соң, ақысын 5-6 айдан кейін ғана алады. Сол себепті қосымша қаражаты болмағандықтан, ертең көктемде егіндерін еге алмай қалуы ықтимал.
Егер диқандар ереже бойынша мақтаны талшық күйінде өткізбесе, облыстағы бүкіл мақташылардың 80-90 пайызы субсидиядан қағылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу