Субсидиялар өндірілген тауарлар үшін емес, дайын өнімді өткізу фактісі бойынша төленеді

Арнайы тұқым өсіру техникасын субсидиялау нормативтері 80% - ға дейін, қызылша және суару техникасын субсидиялау нормативтері 50% - ға дейін көтеріледі. 

Субсидиялар өндірілген тауарлар үшін емес, дайын өнімді өткізу фактісі бойынша төленеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

"Терең өңделген өнімдерді өндіру үшін сатып алынған шикізат құнын субсидиялауда глютен және биоэтанол өндіру үшін бидай құнын субсидиялау жойылды, өйткені бұл тауарлардың әлеуметтік маңызы жоқ. Осы ретте субсидиялар өндірілген тауарлар үшін емес, дайын өнімді өткізу фактісі бойынша төленетін болады, бұл субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі электрондық шот-фактуралармен расталатын болады. Өзгерістер қаржыландыруды бөлудің барынша ашық, әділ және адал тәртібін қамтамасыз етеді", – деп жазылған хабарламада.

Инвестициялық субсидиялаудың барлық түрлері мен бағыттары жүйеленбек. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау облыстық Құрылыс және сәулет басқармаларының қызметкерлерін салынған объектілерді қарау жөніндегі мамандар тобына қосу туралы міндетті талаппен сақталады.

"Бұл ретте еріген суларды жинауға арналған жасанды су айдындарын салу үшін вагондардың құнын субсидиялау жойылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейіне және әкімшілендірудің күрделілігіне байланысты "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ еншілес және тәуелді компаниялары мен екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, аванстық түрде инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі алынып тасталады. 

Жайылымдарды суландыру үшін ұңғымалар мен құдықтар қазу кезінде бұрғылау жөніндегі материалдар мен қызметтердің құны ғана субсидияланады. Бұл ретте жабдықтың құнын субсидиялау жойылады, өйткені оның нарықтық құны өндіруші елге байланысты ондаған есе өзгеріп тұрады. Ал қызмет көрсетушілер арзан жабдықты жеткізу арқылы бюджет қаражатын заңсыз игеріп келген", – деп жазылған хабарламада.

Отандық машина жасауды дамыту үшін Қазақстанда локализациясы жоқ импорттық техниканың құнын субсидиялау нормативі 25% деңгейінде белгіленді, ал локализациясы барлар 15% - ға дейін төмендетілді.  

Арнайы тұқым өсіру техникасын субсидиялау нормативтері 80% - ға дейін, қызылша және суару техникасын субсидиялау нормативтері 50% - ға дейін көтеріледі.

Субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Өндірілген өнімді өткізу әкімдіктермен нарықтық бағалар бойынша жасалған меморандумдарға сәйкес (3000 АЕК-ке тең немесе одан асатын сомаға субсидия алған АӨК субъектілері үшін)  СИМ-нің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін болады.

Осылайша, субсидиялаудың жаңа қағидаларының негізгі сәттері мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою және цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін оңайлату болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу