Субсидиялау шарты жеңілдетілді

1441

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп берді. 

Субсидиялау шарты жеңілдетілді

Министр 2020 жылдың қорытындысын жариялап, соңғы 4 айдағы даму 
көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен жыл ел экономикасы мен агроөнеркәсіптік кешен үшін күрделі жыл болды. Дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды ескере отырып, мемлекеттік қолдау көлемі 366 млрд теңгеге жеткізілді. Субсидиялау шарты  барынша жеңілдетіліп, ашықтығы қамтамасыз етілді. Фермерлерді субсидиямен қамту көлемі ұлғайды", – деді министр. 

Сапархан Омаровтың сөзінше, өсімдік шаруашылығындағы барлық субсидия  бірыңғай қағидаға біріктіріліп, өсімдік қорғау құралдарын субсидиялауға ерекше назар аударылды. 

"Гербицидтер ғана емес, пестицидтер де субсидияланатын болды. Шаруаларға субсидияды күнтізбелік жыл шеңберінде емес, тұқым, тыңайтқыш, пестицид сатып алынған күннен бастап 12 ай ішінде алу мүмкіндігі берілді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу