Субсидиялаудың жаңа тәсілдерін енгізу 2023 жылға қалдырылды – Ербол Қарашөкеев

1390

Түркістан облысында жалпы ауданы 204 га болатын 113 жылыжай кешені бар, олар жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өсіреді.  

 Субсидиялаудың жаңа тәсілдерін енгізу 2023 жылға қалдырылды – Ербол Қарашөкеев

АШМ тауар-материалдық заттар бағасының өсуі, энергия тасымалдағыштар мен коммуникациялар тарифтерінің қымбаттауы, сондай-ақ сыртқы сауда қызметіне байланысты жылыжай шаруашылығы саласының бетпе-бет келіп отырған проблемаларынан хабардар. Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған ведомсвто басшысы Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Министр фермерлерге барлық ұсыныстар мұқият қаралып, жедел шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер Үкімет мүшелерінің назарына жеткізілетінін айтып, сендірді. 

Айта кетсек, ведомство басшысының төрағалығымен жұмыс тобын құру жоспарланып отыр, ол жақын арада жылыжай көкөнісін өндірушілерді қолдаудың түрлі нұсқаларын қарастырады. Оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік және өзге де органдар, аграршылар мен азаматтық қоғам өкілдері кіреді.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, АӨК-ті мемлекеттік қолдауды реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, алайда Президентпен келісім бойынша субсидиялаудың жаңа тәсілдерін енгізуді 2023
жылға қалдыру туралы шешім қабылданғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу