Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуға тиіс – Президент

923

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жылда субсидияларға бөлінген 2 трлн теңгенің жартысының талан-таражға түсіп кеткенін мәлім етті. Оның айтуынша, субсидияларды тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуға тиіс – Президент

"Біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай тұр. Министр ауысса болды –  саланың саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға адал жұмысты жоспарлау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес, субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек. Келесі мәселесі, соңғы 5 жылдың өзінде субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет. Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуы тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу