Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласында субұрқақ маңында болған жас жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот-медициналық сараптамасының ресми қорытындысын күтіп отырмыз. Бұны Алматы қаласының Бостандық аудандық Полиция басқармасы қарап жатыр. Біз бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, сараптама нәтижесін күтуге мәжбүрміз, ресми түрде ақпарат береміз. Техникалық жағынан тағы да тексердік, субұрқақтан ақау жоқ. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін тиісті шешім қабылданады", - деп жауап берді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.