Судағы қауіпсіздік ережесін сақтамағандардың саны 8 есеге өсті

168

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар айыппұл арқалады. 

Судағы қауіпсіздік ережесін сақтамағандардың саны 8 есеге өсті Фото: Казахстанская правда

ТЖМ рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда демалу қажет екенін ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ішкі істер және көлік министрліктерімен бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында тыйым салынған орындарда 60 мыңнан астам рейдтер мен патрульдеу жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-ші, 412-ші, 440-ші және 582-ші баптары бойынша 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бастап "Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 8 есеге өсті, 905 айыппұл салынды", - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

ТЖМ өкілінің дерегінше, 25 шілде күні Семей қаласында белгіленген маршрут бойынша патруль жасаған құтқарушылар 2 баланы құтқарған. Сол күні Ертіс өзенінде тағы бір патрульмен 3 бала мен 1 ер адам құтқарылды.

"Шомылу маусымының басталуымен су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 65 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылды. Суға батып қайтыс болғандардың 85 пайызы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр. Осыған байланысты, ТЖМ рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда демалу қажет екенін тағы да еске салады", - деді спикер.

Айта кету керек, осыған дейін Төтенше жағдай министрлігі адамдардың суға батып кетуінің негізгі себептерін атағанын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу