Судан әуе кеңістігінің жабылуын 10 шілдеге дейін ұзартты

596

Елдегі жағдайға байланысты рейстерге шектеулер 22 сәуірде енгізілді.

Судан әуе кеңістігінің жабылуын 10 шілдеге дейін ұзартты Фото: www.aa.com.tr

Суданның азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігінде ұшу шектеулерін 10 шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Елдегі жағдайға байланысты рейстерге шектеулер 22 сәуірде енгізілді. Шектеу тек гуманитарлық рейстерге қатысты болмайды.

15 сәуірден бастап жалғасқан Судан армиясы мен жедел әрекет ету күштері (ЖӘК) арасындағы қақтығыстар 18 маусымда басталған үш күндік бітім аяқталғаннан кейін қайта күшейе түсті.

Үшінші ай жалғасып келетін Судандағы қақтығыстар кезінде 1000-ға жуық адам қаза тауып, 5 мыңға жуық адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу